Дапанжи!
Қытай елінің тағамы. Қазақшаға аударғанда «Үлкен тәрелкедегі тауық» деген мағына береді, Қазақстанда кез — келген қытай дәмханаларында
сатылады, бағасы да тиімді болса ғой шіркін:)Одан да үйде жасаған тиімдірек деп, бүгін жасалу жолын ұсынамын.
Құрамы:
Тауық — 1 дана
Картоп — 1 — 1,5 кг
Пияз — 1 дана
Имбирь — 1 дана
Ащы бұрыш қызыл, жасыл — 1 данадан
Тәтті бұрыш қызыл, жасыл — 1 данадан
Сарымсақ — 1 бас
Сое соусы — 3 асқасық
Бадьян — 4 дана
Хаджу — 1 шай қасық
Қант — 3 асқасық
Қамырына:
Ұн — 2 стақан
Су — 1 стақан
Тұз — 0,5 шай қасық
Қасына міндетті түрде күріш гарнирін жасаңыз!
Суға тұз салып, ұнның үстіне суымызды құйып, қамырымызды илеп қоямыз
Керекті азық -түліктерімізді осылай турап аламыз
2 Стақан майды қатты қыздырып
тауық еттерімізді салып жіберіп
10 минут шамасында қатты отта куыра береміз
майдан сүзіп аламыз
қазанға 0,5 стақан сұйық май құйып, қантымызды салып, майдың түсі өзгеріп қызарғанша үзбей қасықпен араластырып отырамыз
қызырған майға алдын — ала қуырып алған тауықтарымызды салып,араластырып қуырамыз
Тауықтар да қызара бастайды (оттың астын баспаймыз)
тұз салып, сарымсақтарымыздың жартсын саламыз,бір араластырып аламыз
пияз саламыз
тағы да араластырамыз
сое соусын құйып, бадьян, хаджу саламыз
имбирьді де саламыз
қайта-қайта араластырып тұрып, ащы бұрыштарды саламыз
картоптарды да
қалған сарымсақтарды салып араластырамыз
тағы 5 минут қуырып, 500 мл қайнаған су құйып,тұзы кемдеу болса тұзын салып,қазанның бетін жауып,қатты отта тағы 3 минуттай қайнатамыз, отты басып 20 минут шамасында жай отта пісіреміз
картоптары піссе ең соңынан тәтті бұрыштарды салып бір араластырып жібереміз, 2 минут бұқтырып, қазанның астын өшіреміз.
Қамырымызды жаямыз
орап, суреттегідей кесіп шығаммыз
араларын ашып, қайнап жатқан суға салы
п, пісіріп аламыз
Піскен қамырларды салқын суға 5 минутқа салып, сүзіп алып, табаққа саламыз.
қамырдың үстіне піскен қазандағы Дапанжиді саламыз
АС БОЛСЫН!